• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Конституциялық реформа – Қазақстанның болашақ даму бағдарын айқындайтын нақты қадам

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылау жөніндегі аймақ активінің отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат төрағасы, облыстық басқармалардың, аумақтық департаменттердің басшылары, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Ұлттық Құрылтайдың V отырысында Мемлекет Басшысы Конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы өз көзқарасын ұсынған болатын. Өңір басшысы бұл конституциялық реформа – Қазақстанның болашақ даму моделін айқындайтын, қоғамның құндылықтық бағдарын нақтылайтын стратегиялық идеологиялық қадам екенін атап өтті.

«Ата Заң жобасы жарты жылға жуық әзірленіп, қазіргі заманғы қоғамдық сұраныстар мен елде болып жатқан нақты өзгерістерді ескере отырып дайындалған. Конституцияның тұжырымдамалық өзгерістері, ең алдымен, мемлекеттің адамға бағдарлануын күшейтуге, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ республиканың саяси институттары құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа Преамбулада алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде адам құқықтары мен бостандықтары жарияланды және адамға деген құрмет, жауапкершілік пен әділеттілік қағидаттары қойылып отыр. «Адам – мемлекет үшін емес, мемлекет – адам үшін» деген ұстаным мемлекеттің барлық саясатының өзегіне айналуда. Бұл – әлеуметтік әділдікке, тең мүмкіндіктерге, заң алдындағы теңдікке негізделген жаңа қоғамдық келісім», – деді Құмар Ақсақалов.

Президент бастамашы болған «Заң және тәртіп» идеологиясының Конституцияда нақты нормалармен бекітілуі – қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің берік іргетасы. Заңды құрметтеу, жауапкершілікті сезіну, қоғамдық тәртіпке нөлдік төзімділік қағидаты – дамыған және қауіпсіз мемлекеттің басты шарты.

Жаңа Конституцияда ұлттық бірегейлікті сақтау мен заманауи құндылықтарды үйлестіру идеясы айқындалды. Бірлік, келісім, толеранттылық – көпэтносты Қазақстан қоғамының басты артықшылығы ретінде танылып, мемлекеттіліктің мызғымас негізі ретінде бекітілді.

Қостанай облысының әкімі жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістердің мәні мен маңызын аймағымыздың әрбір тұрғынына жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу – ортақ міндет екенін жеткізді. Ал бұл реформа елдің жарқын болашағын қамтамасыз етуге, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған маңызды әрі ауқымды бастама екендігіне кәміл сенетінін айтты.

Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов бұл реформа шын мәнінде қоғамның қазіргі сұранысы мен талаптарына жауап беретін мемлекеттік және қоғамдық құрылымның жаңа моделін қалыптастырып отырғанын жеткізді.

«Конституция жобасы қолданыстағы мәтінді жаңартып қана қоймай, мемлекеттің жаңа құқықтық, институционалдық және әлеуметтік архитектурасын қалыптастырады. Ол қазіргі заманғы сын-қатерлерге бағытталған, адамның құқығы мен бостандығын нығайтады, азаматтық қоғамның рөлін кеңейтеді және саяси жүйенің тұрақтылығын арттырады», – деді Сайлаубек Ещанов.

  • 02.02.2026
  • 8
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика