• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақта соңғы аптада коронавируспен ауырғандар саны екі есеге өсті

Алматы облысында эпидемиологиялық жағдай қиындап келеді. Кейінгі аптада коронавируспен ауырғандар саны екі есеге өсіп, 0,8% құрады, соңғы тәулікте 104 жағдай анықталды. Соған қарамастан карантин талаптарын бұзу әлі де жалғасып келеді. Мәселен, Наурыз демалысы күндерінде мониторингтік топ Талдықорғанда үйлену той, құдалық сияқты көпшілік той жасаған бірнеше мейрамхананы анықтап, оларды әкімшілік жауапқа тартқан. Бұл туралы бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов журналистерге арнап өткізген брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Спикердің айтуынша, қаңтар, ақпан айларына қарағанда наурызда аурудың қарқыны өскені байқалады. Мәселен, алдыңғы екі айда ауруханаға 20-30 адам түссе, соңғы аптада күніне 100-ге жуық адам түсуде. Одан бөлек 52 жүкті әйел коронавируспен ауырып жатыр. Ал жедел жәрдемді шақыру екі мыңнан екі жарым мыңға дейін көбейген. Қазіргі кезде 1053 адам ауруханаларда стационарлық емде, 25 адам реанимацияда жатыр.

«Бұл наурыз мерекелері кезінде тұрғындардың шектеу шаралары талаптарын сақтамаудың салдарынан туындап отыр», - дейді Батыржан Байжұманов.  

Облыстың медициналық ұйымдары қажетті жабдықтармен және дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. Медициналық мекемелер жанынан құрылған 391 мобильді бригада пациенттерге амбулаториялық көмекті үйде көрсетуде.

Облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды өзін-өзі емдеумен айналыспауға, аурудың алғашқы белгілері болған жағдайда мобильді бригадалардың қызметіне жүгінуге шақырды.

«Өздеріңіз көріп отырғандай Алматы қаласында тәулігіне 400-ге дейін коронавирус инфекциясы анықталуда. Күнделікті Алматы қаласына облыс тұрғындарының көші-қоны жоғары болуына байланысты облыстағы жағдай қиындап отыр», - деді спикер өз сөзінде.  

Наурыз айында инфекцияның ең көп дерегі Алматы қаласы маңындағы Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай аудандарында, сол сияқты Талдықорған, Текелі қалаларында, Көксу, Панфилов аудандарында тіркелді. Аурудың таралуына көпшілік бас қосулар, адамдардың бет пердесіз жүруі және т.б. себептер ықпал етіп отыр.

Өз сөзінде Б. Байжұманов инфекцияның таралуын азайтудың жолдарына тоқталып өтті. Бұл – біріншіден, карантиндік шараларды күшейту, екіншіден, демалыс күндері локдаун енгізу, қоғамдық орындардың жұмысын қысқарту, үшіншіден, вакцина қабылдау.

Дегенмен тұрғындар шектеу шараларына жүрдім-бардым қарап, талаптарды бұзуды әлі де жалғастырып келеді. Мәселен, 23 наурыз күні Талдықорған қаласында  мониторингтік топ «Ханшайым», «Гаухар тас», «Алтын ғасыр» сияқты 6 мейрамханада өтіп жатқан құдалық, үйлену тойларының үстінен түсіп,  аталған мекемелерді жауапкершілікке тартты.

Жексенбі күндері мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардың аумағында жаппай дезинфекциялық шаралар жүргізілетін болады.

«Коронавирус инфекциясы біздің арамызда, ол ешқайда кеткен жоқ. Қабылданып жатқан шаралар облыс тұрғындары арасында инфекцияның таралуына жол бермеуге себеп болады. Баршаңызды карантин режимін сақтауға шақырамыз. Сақтық шаралар өзіміз үшін керек екенін естен шығармайық», - деді Батыржан Байжұманов брифингіде.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

  • 26.03.2021
  • 265
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика