- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ОРНЫҚТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
Облыс активінде жаңа Конституция жобасы жан-жақты талқыланып, жиынға қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
Баршаңызға белгілі, Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Конституциялық комиссияның жұмысы жария жүргізілді. Халық назарына ұсынылған жоба комиссия мүшелерін қоспағанда, азаматтардың, сарапшылардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары мұқият сарапталған соң ғана жарық көрді.
Жаңа Ата Заң жобасын қолданыстағы Конституцияға енгізілген ағымдағы өзгерістер жиынтығы деп қарауға болмайды, бұл құжатты мемлекет ретінде орнымыз мен болашаққа даму бағдарымызды айқындаған стратегиялық таңдау деп қабылдағанымыз абзал.
Кіріспенің өзінде келешектегі бағытымыз нақтылана түсті. Преамбулада тарихи сабақтастық, унитарлық мемлекет, шекаралардың мызғымастығы, Әділетті Қазақстанды таңдау, Заң мен Тәртіп қағидаттары, адам құқықтары, қоғамдық келісім және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сияқты басты құндылықтар бекітілді.
Конституциялық құрылым нақты әрі қисынды жүйеге келтірілді. Қазақстандағы басқару нысаны «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасымен үндестік тапты. Ал халық бұрынғыдай биліктің қайнар көзі ғана емес, Егемендіктің де иесі ретінде танылды.
Жобада Қазақстан Республикасының ең жоғары өкiлдi органы – Құрылтайдың, заң шығаруға бастамашылық ете алатын жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі бекітілді.
Біз өзгерістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Әлемдегі ахуал, геосаяси жағдай үнемі өзгеруде. Осындай кезеңде орнықты дамуға кепіл болатын берік құқықтық негіз қажет. Жаңа Конституция жобасы осы талаптардың үдесінен шығатыны анық.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді халық республикалық референдумда қабылдайды.
- 03.02.2026
- 8


