- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Portex» компаниясының құрылыс жөніндегі директоры Хусейин Гёзджюмен кездесу өтті.
Түркиялық компания өз елінде және шет мемлекеттерде әлеуметтік нысандар, бөгеттер мен су электр станцияларын, сондай-ақ магистральдар, көпірлер, туннельдер мен инженерлік желілер салуда мол тәжірибеге ие.
Кездесу барысында облыс аумағындағы көпірлер мен жол құрылысы саласындағы жобаларды қарастырып, EPC-келісімшартына сәйкес, яғни дайын күйінде тапсыру бағытында жұмыс істеу мүмкіндіктері талқыланды.
- 04.02.2026
- 7


