• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қостанай облысы: тұрақты өсім, ауқымды жобалар және болашақтың даму жолы

Бүгін Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, қол жеткізілген нәтижелер сараланып, алдағы даму жоспарлары айқындалды.

Мемлекет басшысының экономиканың жыл сайын кемінде 6,0% өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы облыс экономикасының өсімі кемінде 8,0% деңгейінде күтілуде. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 110,6% құрап, республикалық көрсеткіштен (109,4%) жоғары болды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерде оң динамика қалыптасты. Атап айтқанда, көлік саласында өсім –
32,8%, құрылыс – 23,0%, инвестициялар – 19%, ауыл шаруашылығы – 15,7%, көтерме және бөлшек сауда – 11,9%, өңдеу өнеркәсібі – 6,3% болды.

Соңғы үш жылда облыс бюджеті 1,5 есеге, орташа жалақы 1,5 есеге, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,6 есеге артты. Осы кезеңде тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,5 млрд АҚШ долл. құрады.

Салық түсімдері 256,6 млрд теңгеге жетіп, 1,6 есеге өсті. 2025 жылы 47 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шараларына тартылып, 26,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 23,7%-ке қысқарды.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,5 трлн теңгені құрады. Жалпы құны 322,1 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 3,3 мың жұмыс орны құрылды. Маңызды жобалардың бірі – KIA автокөлік зауыты. Зауыт жылына 13 модельге дейін автокөлік шығаруға қауқарлы және 1 500 адамды жұмыспен қамтыды.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС Jetour X70+ автокөліктерінің өндірісін іске қосты.

«KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытынан бөлек, жүк көліктерінің жетекші көпірлері мен арқалықтарын өндіру бойынша жаңа өндірістерді іске қосты.

Көлік логистикасын дамыту аясында облыс орталығында «Тобыл» халықаралық көлік-логистикалық кешенінің құрылысы жалғасуда. Жоба аяқталған соң жүк тасымалы көлемі 20%-ке артады.

Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 15,7%-ке өсті.
7 заманауи сүт-тауар фермасы іске қосылып, биыл тағы
5 ферма пайдалануға беріледі. Бұл сүт өндірісін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді. «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы аяқталу сатысында.

2025 жылы 517 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар артығымен орындалды. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 546 жалдамалы пәтер ұсынылды. Өңірде 51 әлеуметтік нысан салынды, оның ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық, спорт және мәдениет нысандары бар.

Автожол саласына бөлінген қаржы 103 млрд теңгеге жетіп, соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткішке шықты.
1 300 км автожол жөнделіп, өңірдің негізгі көлік инфрақұрылымы жаңғыртылды.

Ауыз сумен қамту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалды: 37 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бүгінде ауылдық үй шаруашылықтарының шамамен 80%-іне су тікелей үйіне жеткізілген.

Алдағы кезеңде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және өңдеу салаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Олардың қатарында газ-химия кешені мен бокситтен глинозем өндіру зауыты бар.

Мемлекет басшысы биылғы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Облыста экономиканың барлық саласына цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу жұмыстары атқарылатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2025 жылғы қоғамдық мониторингі нәтижесінде Қостанай облысы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша республикада үшінші, электронды қызметтер көрсету бойынша екінші орынға ие болды.

Жиында облыс әкімінің орынбасарлары өңірдің аудандары мен қалаларында атқарылған жұмыстар туралы толыққанды баяндап берді.

  • 04.02.2026
  • 8
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика