• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында жылыту маусымы қалыпты деңгейде өтуде

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жылыту маусымының өту барысы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жай-күйі қаралды. 

Аймақ басшысы алдымен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалардың маңызы мен қажеттілігіне тоқталып, жаңа Конституция жобасын жұртшылыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

– Ел тағдырына қатысты тарихи шешімдер қабылданатын осындай сындарлы кезеңде біз ауызбіршілік пен қоғамдық келісімнің үлгісін көрсетіп, сапалы экономикалық әрі идеологиялық өзгерістерге дайын екенімізді дәлелдеуіміз қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.

Ақпараттық топтардың жұмысын үйлестіру міндеті Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовке жүктелді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша алдымен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Алтышев баяндама жасады. Оның айтуынша, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы 164 тәулікті құрайды. Бүгінгі күнге дейін оның 125 тәулігі өтіп, 812 мың гигакалория көлемінде жылу энергиясы өндірілген.

Облыста 9 отын-энергетика кешені мен 590 автономды қазандық штаттық режимде жұмыс істеуде. Жылу көздерінде температуралық кестенің сақталуы күнделікті бақылауға алынған. Барлық кәсіпорындардың апаттық-диспетчерлік бөлімшелері тәулік бойы қызмет көрсетуде.

Отын-энергетика кешендері негізгі және резервтік отын қорымен толық қамтамасыз етілген. Жалпы өңір бойынша жоспарланған көмір көлемі 191,1 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде халық үшін 134,9 мың тонна көмір толық жеткізілген, ал автономды қазандықтарға арналған 56,2 мың тоннаның 55,2 мың тоннасы тасымалданған. Қордай ауданындағы білім беру нысандарына қажетті 5 000 тонна көмірдің 4 000 тоннасы жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тарапынан аймаққа қажетті 34,3 мың тонна әлеуметтік мазут бөлінді. Оның ішінде Жаңатас қаласының қазандығына 12 805 тонна мазут сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылған. Бүгінде қазан-желтоқсан айларына жоспарланған 8 500 тонна мазут толық жеткізілді. Қазіргі уақытта қоймада 33 тәулікке жеткілікті 2 529 тонна мазут бар, тәуліктік тұтыну көлемі 75-80 тоннаны құрайды.

Ербол Қарашөкеев салаға жауапты орынбасары Алтай Әліге, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, сондай-ақ бірқатар басқарма басшысына жылыту маусымын кедергісіз өткізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, жылыту маусымы кезеңінде барлық коммуналдық нысандардың штаттық режимде тұрақты жұмыс істеуін және әлеуметтік нысандарда жылыту маусымының үздіксіз өтуін қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізуді міндеттеді. 

Сонымен қатар Жаңатас қаласына жоспарланған мазуттың және Қордай ауданындағы білім беру нысандарына қажетті көмірдің уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.

Басқосуда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жай-күйі туралы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Бекжан Кеңесбек баяндама жасады.

Облыс әкімі мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі белгіленген мерзімде көрсетуді, жұмыс сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылау мен мониторингті күшейтуді және өзге де өзекті міндеттерді жауапты тұлғалардың назарына жеткізді. 

  • 05.02.2026
  • 6
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика