- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Halcyon сызықтық үдеткіші пайдалануға берілді
Мемлекет Басшысы денсаулық сақтау саласы еліміздің жаңару сатысындағы негізгі бастамаларының бірі болып қалатынын атап өтті.
Биыл аймағымыздың медицина саласына 129,4 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл 2022 жылға қарағанда 1,6 есеге жоғары.
Аймағымызда алғашқы Halcyon (Хэлсиен) сызықтық үдеткіші жұмысын бастады. Аталған жабдық «Қазақстан халқына» қоры қаражатынан 2,7 млрд теңгеге сатып алынды. Заманауи медициналық аппарат Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасына орнатылып отыр.
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева заманауи жабдықпен танысты.
«Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 14 млрд теңге қарастырылды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,2 есеге көп. Біз кезең-кезеңімен арнайы техникалар паркін ауыр медициналық жабдықтармен толықтырудамыз. Бүгін облыста алғаш іске қосылған Halcyon сызықтық үдеткіші – онкологиялық ауруларды емдеудегі ең заманауи автоматтандырылған жабдық. Енді пациенттер басқа үлкен қалаларға бармай-ақ, сәулелік терапияны өз өңірімізде ала алады», – деді аймақ басшысы.
Айта кету керек, 2025 жылы онкологиялық аурухана МРТ және КТ аппараттарымен, облыстық және Рудный қалалық ауруханалары 2 ангиографпен толықты.
Биыл Арқалық және Жітіқара өңірлік ауруханаларына қосымша 2 МРТ аппараты мен 2 ангиограф сатып алу жоспарланып отыр.
- 16.02.2026
- 8


