- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісудың өсу стратегиясы: аймақтың әл-ауқатына 6 басымдық
Кеше біз өңірімізді дамытудың алты басым бағытын талқыладық. Басты назарда — Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері. Негізгі міндетіміз — экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін көтеру.
Атап айтқанда, сапалы инвестиция тарту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану арқылы кәсіпкерлікті қарқынды дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу қажет.
Ауыл шаруашылығын дамыту бағытында тиісті сала басшылары мен аудан-қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктедім.
Бірінші, Президент ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруді тапсырдым. Яғни ауыл шаруашылығын дамыту – тек қаржы бөлу емес, оның қайтарымын ұлғайту. Ендігі мақсат – мал шаруашылығын күшейтіп, ауыл еңбеккерлерінің табысын арттыру. Бұл – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және аграрлық әлеуетті толық пайдаланудың басты шарты. Оған «Ауыл аманаты» жобасы үлкен ықпал етеді. Жоба аясында 2026-2028 жылдары облысқа 22,6 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Оның ішінде биылғы жылға 5 млрд. теңгеге 400-ге жуық жобаны іске асыру көзделіп отыр.
Осыған байланысты заманауи агротехнологиялар мен техниканы пайдалану және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейін көтеру міндеті қойылды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, пайдаланылмай бос жатқан алқаптарды айналымға енгізіп, олардың өнімділігін арттырудың маңызы зор. Сол сияқты ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартып, тауарлы сүт фермалары мен мал бордақылау алаңдарын, құс фабрикасын салу, жылыжайларды іске қосу мен балық шаруашылығын дамыту тапсырылды.
Екіншіден, өнеркәсіпті өркендету бағытында әрбір аудан-қалалардың ерекшелігіне және басым бағыттарына мән бере отырып, жаңа инвесторлар тартып, өндірістік және сервистік кәсіпорындар ашу, шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, сол арқылы қосымша тұрақты жұмыс орындарын құру міндеттелді.
Үшінші және төртінші мәселе ретінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы міндеттері. Яғни барлық құрылыс, күрделі жөндеу объектілері мерзімінде, сапалы аяқталып, бөлінген қаражат толық игерілуі тиіс. Сондай-ақ сумен, газбен, жылумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету және автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарын қадағалау мен белгіленген мерзімде сапалы аяқтау қажет.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында биылға жоспарланған Ақсу, Көксу, Қаратал аудандарындағы саябақтар жаңғыртылып, Талдықорған, Текелі, Сарқан қалаларындағы экопарктердегі жұмыстар жыл соңына дейін бітуі тиіс.
Бесінші, халықтың денсаулығын сақтау саласында көрсетілетін медициналық қызметтердің, ауруларды ерте анықтау үшін жүргізілетін скринингтердің сапасын арттыру, сол сияқты тәжірибелі медицина кадрларын облысқа тарту жұмыстары жалғастырылады.
Алтыншы, бюджет қаражатын оңтайландыру үшін шығыстарға талдау жүргізуіміз керек. Бюджет тиімді игерілуі тиіс. Жалпы, облысымыздың өткен жылы қол жеткізген жетістіктерінде барша облыс тұрғындарының үлесі зор. Биылғы жылы да жұмысымызды одан әрі ширата түсуіміз керек.
- 17.02.2026
- 15


