- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Тараз қаласының 15-шағын ауданында 45 пәтерлік екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Тараз қаласының 15-шағын ауданында 45 пәтерлік екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа қоныс той иелеріне пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстадым.
Көп қабатты үйлердің бас мердігері – өңірімізге белгілі «Бином» құрылыс компаниясы. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған әр үйдің құны 446 миллион теңгені құрайды, ғимараттардың жалпы ауданы алты мың шаршы метрден асады.
Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін шешу. Осы орайда түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, ипотекалық несиелеу шарттары жеңілдетілуде. Біз пәтер кезегінде тұрғандардың санын азайту мақсатында тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтудамыз. Мәселен, бір ғана Тараз қаласында 30 мыңнан астам адам кезекте тұр.
Бұл күні 90 адамға жаңа пәтер кілттері табысталды десек, олардың қатарында балалар үйінің түлектері, мүгедектігі бар адамдар, толық емес отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және мемлекеттік қызметкерлер бар.
- 29.03.2021
- 257