- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ОРАЛДА ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ФОРУМЫ ӨТТІ
Оралда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әлеуметтік әріптестік саласындағы ынтымақтастық форумы ұйымдастырылды. Іс-шара өңірдегі еңбек қатынастарын тұрақтандыру және еңбек дауларының алдын алу мәселелеріне арналды.
Форумда еңбек қатынастары саласындағы ахуал кеңінен талқыланып, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқығын қорғау және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бағытындағы нақты іс-шаралар туралы баяндалды.
Бүгінде аймақтағы 183 кәсіпорын халықаралық стандарттарды енгізіп, «Vision Zero» тұжырымдамасы мен «Халықтық бақылау» жобалары қарқынды жүзеге асырылуда. Еңбек нарығын цифрландыру бойынша электрондық еңбек шарттарын есепке алу жоспары 94%-ға орындалған. Былтыр облыс бойынша еңбек заңнамасына қатысты 203 өтініш тіркеліп, тиісті тексерулер нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша нұсқамалар берілді.
- 20.02.2026
- 7


