• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
5G өңірге тарайды Tele2/Altel Қостанай облысында 24 базалық 5G станциясын салады

 

МТ-С компаниясы (Tele2 және Altel брендтерінің операторы) мен Қостанай облысының әкімдігі өңірдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім Қостанай қаласы мен шалғай аудандар тұрғындары үшін жоғары жылдамдықты 5G интернетке қолжетімділікті едәуір жақсартып, өңірді шынайы цифрлық хабқа айналдыруға мүмкіндік береді.

2026 жылы Tele2/Altel Қостанай қаласы мен облыста 24 жаңа 5G базалық станциясын және кемінде 40 жаңа LTE+ алаңын іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар қала мен аудандардағы  қолданыстағы 25 станция жаңғыртылады. Жыл соңына дейін базалық станциялар саны 400-ге дейін артады, оның 74-і бесінші буын байланыс технологиясын қолданады. Кеңжолақты қолжетімділік жобасы аясында аймақтың сегіз елді мекені жоғары жылдамдықты интернетке қосылады.

«Биыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Бұл – облыс экономикасын дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты жұмыс. 2025 жылдың қорытындысы бойынша IT-салада шамамен 340 компания жұмыс істейді. Олар бюджетке шамамен 650 миллион теңге салық түсіріп, бір жыл ішінде 30 пайыздық өсім көрсетті. Сонымен қатар IT-компаниялар қызметтерін экспортқа шығаруда. Өнеркәсіп орындарында автоматтандыру және роботтандыру желілері белсенді енгізілуде», – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов. –.

Меморандум аясында Қостанай облысының әкімдігі тиісті қызметтердің жұмысын үйлестіруді, жер телімдеріне рұқсат беру және желілерге, соның ішінде электр энергиясына қосылу рәсімдерін жеделдетуді өз міндетіне алады.

Тұрғындар үшін бұл байланыс тұрақтылығының артуын және қамту аймақтарындағы «ақ дақтардың» азаюын білдіреді. Практикалық тұрғыдан алғанда, бұл бейнематериалдарды жылдам жүктеуге, онлайн-білім беру мен телемедицина мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға жол ашады.

Компания басшылығының мәліметінше, биыл өңірге салынатын инвестиция көлемі 2025 жылмен салыстырғанда екі еседен астам ұлғаяды. Соңғы үш жылда өңірдегі желіні салу және жаңғырту жобаларына 5 миллиард теңгеден астам инвестиция бағытталған.

«Қостанай облысын дамыту бағдарламасы тек Қостанай қаласының аумағында 5G желісін орнатумен шектелмейді, сондай-ақ моноқалаларды дамытуға қатысуды көздейді. Кездесу барысында Рудный, Лисаков, Арқалық және Жітіқара қалаларында 5G базалық станцияларын салу мүмкіндігін талқыладық. Қала көлеміне қарамастан, барлық тұрғындарға интернетке тең қолжетімділік беру – табысты цифрландырудың негізі» – деп атап өтті Tele2/Altel басқарма төрағасы Александр Бабичев.

Tele2 желісі өзінің технологиялық артықшылығын бірнеше рет дәлелдеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша компания SpeedChecker Champion Award халықаралық марапатын «Қазақстандағы ең жылдам мобильді байланыс» номинациясы бойынша иеленді. Бұған дейін компания Ookla ұсынған Speedtest Awards сыйлығын 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша «Қазақстандағы ең үздік 5G желісі» аталымында алған болатын.

Меморандумға қол қою тараптардың өңірдің цифрлық экожүйесін тұрақты дамытуға ортақ мүдделі екенін көрсетеді. Жоба технологиялық маңызымен қатар әлеуметтік-экономикалық мәнге де ие: байланыс сапасының артуы кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырып, білім, медицина және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді, сондай-ақ халықтың өмір сапасын жақсартады.

  • 24.02.2026
  • 5
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика