- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
«ӘДІЛЕТТІ КОНСТИТУЦИЯ – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ»: САРАПШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Атамекен өнер ордасы алаңында «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар қауымдастығымен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – республикалық референдум аясында ұсынылып отырған конституциялық реформаларды талқылау, оның мән-маңызын зиялы қауым өкілдерімен бірге саралау және қоғамға кеңінен түсіндіру.
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық құжат. Бұл – мемлекеттілікті нығайтуға, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, адам құқықтарын қорғауды күшейтуге және әділет қағидатын орнықтыруға бағытталған маңызды қадам.
Сарапшылар қауымдастығы реформалардың тарихи маңызын ерекше атап өтті. Әсіресе заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ғылым, білім және мәдениет салаларын қолдау бағытындағы нормалар еліміздің сапалы әрі орнықты дамуына серпін беретіні айтылды.
- 24.02.2026
- 3


