- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ЖӘНІБЕК АУДАНЫНДА ТЕРІ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жәнібек ауданында «EcoClub» ЖШС-ның өндірістік нысаны іске қосылды. Жаңа зауытта ірі қара мен жылқы терісінен жоғары ақуызды, сапалы протеинді жемдік қоспа өндіріледі. Бұл бастама өңірлік агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, мал шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға, сондай-ақ импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Серіктестік басшысы тың жобаны жүзеге асыру үшін «Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген несие алған.
Жобаның жалпы құны 630 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын толық қуатына көшкенде айына 200 тоннаға дейін дайын өнім өндіре алады. Өндіріске қолданылатын заманауи жабдықтар Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізілген. Олар технологиялық тиімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, өнім сапасының жоғары болуына жол ашады. Өндірісті автоматтандыру еңбек өнімділігін арттыруға және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
- 25.02.2026
- 29


