- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жаңа Конституцияның жобасын талқылау бойынша жиын өткізілді
Кеше қоғам өкілдерімен жаңа Конституцияның жобасын талқылауға арналған жиын өткізілді.
Жиынға қоғамдық кеңестер мүшелері, жергілікті мәслихаттар төрағалары, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, түрлі сала мамандары - жалпы жүзден астам адам қатысты.
Конституцияда ұсынылып отырған өзгерістердің негізінде жатқан басты қағидаттар:
Біріншіден, Парламент пен өкілді органдардың рөлін күшейту. Бұл – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға, шешімдерді ашық әрі институционалдық диалог арқылы қабылдауға бағытталған қадам. Екіншіден, азаматтардың мемлекетті басқару процесіне қатысуын кеңейту. Қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту, азаматтық қоғам институттарының шешім қабылдау үдерісіне нақты ықпал етуіне жағдай жасау көзделіп отыр. Үшіншіден, адам құқықтары мен бостандықтарын нығайту. Конституция әр азаматтың қадір-қасиетін қорғаудың нақты тетігіне айналуы тиіс. Заң алдындағы теңдік, әділ сот төрелігі, әлеуметтік құқықтардың қорғалуы – бұл қағаз жүзіндегі ұран емес, мемлекеттік саясаттың өзекті міндеті. Төртіншіден, жауапты және күшті мемлекет қалыптастыру. Билік қоғам алдында есеп беретін, институттар ашық әрі кәсіби жұмыс істейтін жерде ғана сенім қалыптасады. Ал сенім – бүгінгі таңда үлкен күш және стратегиялық даму ресурсы.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1170578?lang=kk
- 27.02.2026
- 7


