- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мәслихаттың кезектен тыс отырысы
Қостанай облыстық мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс сессиясында бірқатар мәселелер күн тәртібіне қойылды. Жиынға аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.
Өңіріміздің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу, Қостанай облысы бойынша субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту талқыланды.
Бұдан бөлек, мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу қаралды.
Отырыста Арқалық қаласының дамуы туралы да мәселе қозғалды. Бүгінгі таңда қалалар бойынша инфрақұрылымдық орта сапаның негізгі көрсеткіштері жағынан ең үлкен алшақтық Арқалықта тіркелген. Онда автомобиль жолдарының 31,6%-і жақсы және қанағаттанарлық деңгейде.
«Салыстырар болсақ, Тобыл қаласында 51,5%, Рудный қаласында – 63,6%, Жітіқара қаласында – 73,2%, Лисаков қаласында – 93,6%, Қостанай қаласында – 99,5%. Облыс орталығы мен Арқалықтың айырмашылығы – 70%. Қостанайдағы сапалы жолдардың нақты үлесі 3 еседен астам. Арқалықтың аула аумақтары мен көп пәтерлі үйлерінің қасбеттері ұзақ жылдар бойы жаңартылған жоқ. Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында Торғай өңірінің дамуы мемлекеттің назарында болуы қажет екендігін айтты», – деді облыс әкімі.
Өткен жылдан бері Арқалықта абаттандыру бағдарламалары басталған. Бұл өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Айтылған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.
- 03.03.2026
- 4


