- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Алға, «Тобыл»!
Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған «Тобыл» футбол клубын қостанайлық жанкүйерлер салтанатты түрде қарсы алды.
Бұл тек клубтың жеңісі емес, тұтас өңіріміздің жетістігі. Суперкубокты төртінші мәрте ұтып алған «Тобыл» еліміздің мықты, тегеуірінді командасы екенін дәлелдеді.
«Бапкерлер мен ойыншылардың табанды еңбегі, ұйымшылдығы пен кәсіби шеберлігі ұжымды жоғары дәрежеге жеткізді. Осылайша жігіттер барша қостанайлық жанкүйерлерге зор қуаныш сыйлады. Алда жаңа маусым, жаңа белестер. Жігіттерге зор денсаулық, сарқылмас күш-жігер, жеңісті күндер тілеймін!», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөзінде.
- 03.03.2026
- 3


