• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев әйелдер қауымымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым» орталығында нәзік жандылармен кездесті.

Жылы шырайдағы жүздесуге әртүрлі салада жемісті еңбек етіп, кәсібилік пен жауапкершіліктің арқасында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген аналар мен арулар келді.

Аймақ басшысы жиналған қыз-келіншектерді көктемнің көркем мерекесімен құттықтап, олардың қоғам өміріндегі рөлін ерекше атап өтті.

– Әрбір адам үшін «Ана» ұғымы – ең қастерлі де қасиетті түсінік. Ана – отбасының ұйытқысы, шаңырақтың шуағы, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігінің тірегі. Халқымыздың «Ананың басқан жерінде пейіш бар» деген тағылымды сөзі ананың мәртебесі мен қадір-қасиетін айшықтай түседі, – деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ облыс әкімі киелі Әулиеата жері ежелден парасат-пайымы биік, еңбегімен елге үлгі болған аяулы аналар мен іскер арулардың мекені ретінде танылғанын атап өтті. Бұл игі дәстүр бүгінгі күні де жалғасып, өңірдің өркендеуіне өзіндік үлес қосып келеді.

– Сіздерге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Отбасыларыңыз аман болып, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Істеріңізге сәттілік, тың бастамаларыңызға толағай табыс тілеймін, – деді аймақ басшысы.

Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, облыс әкімі қыз-келіншектермен өзара пікір алмасты.

Жиында білім саласының ардагері Сұлушаш Құрманбекова, «Respublica» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Айнұр Келімбетова, сондай-ақ «Super-Pharm» ЖШС-ның қаржы директоры Жанар Маматқұлова мен «Әсия Әлемі» ЖШС-ның директоры Ләйлә Жүнісәлиева сөз сөйлеп, көрсетілген құрмет пен ілтипатқа алғыс білдірді.

Олар ел болашағына тікелей әсер ететін жаңа Ата заң жобасы отбасы институтының нығаюына, әйелдер қауымының дамуына және қоғамдағы қадір-қасиетінің артуына оң ықпал ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысу – ортақ міндет екенін айтты.

Кездесу естелік суретке түсумен қорытындыланды.

  • 10.03.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика