- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Бәйтерек ауданындағы су тасқынының алдын алуға бағытталған іс-шаралармен таныстық. Алдымен Переметный ауылдық округі аумағындағы қорғаныс бөгеті қаралды. Инженерлік құрылыстың ұзындығы 700 метр болса, биіктігі 4 метрге жуықтайды.
Былтыр Зеленый ауылында Деркөл өзеніндегі тасқын қаупінің алдын алу үшін гидробекет орнатылды. Цифрлық кешен су деңгейін үздіксіз бақылап, барлық мәліметті орталыққа автоматты түрде жолдайды.
Сапар аясында ауылдардан қар шығару, өзеннің мұзын кесу жұмыстары қадағаланды. Ауданда көктемгі су тасқынына дайындық шараларын одан әрі күшейту тапсырылды.
- 10.03.2026
- 4


