- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
«Атамекен» ҰКП басшылығымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі талқыланды
Бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесу өткіздім. Кездесу барысында өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау және инвестиция тарту мақсатында тиімді өзара іс-қимылды жолға қою мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерлік – экономикалық өсудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі қозғаушы күші. Бұл бағытты дамыту мен қолдауға ел Президенті ерекше көңіл бөліп келеді. Осыған байланысты Жетісу облысында инвестициялық ахуалды жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары да белсенді дамып келеді. Біз өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің шамамен 65%-ын өзімізде өңдейміз. Дамудың тағы бір маңызды бағыты – туризм. Жалпы өңірде барлық салаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
- 11.03.2026
- 4


