• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 2,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы қарқынды дамып, өңір экономикасының маңызды бағытына айналуда. Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 160 кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді.

Олардың қатарында сүт өнімдерін тереңдете өңдейтін – 19, ет өнімдерін өңдейтін – 38, мақсары майын өңдейтін – 2, астықты терең өңдейтін – 3 кәсіпорын бар. Сонымен қатар 62 наубайхана жұмыс істейді, оның 44-і бөлке нан пісіреді. Бұдан бөлек, өңірде жүн мен теріні өңдейтін – 2, қант қызылшасын өңдейтін – 2, құс етін өндіретін – 2, жұмыртқа өндіретін – 1 және макарон өнімдерін шығаратын – 6 кәсіпорын қызмет атқаруда.

Аталған өндіріс орындарында 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өткен жылы облыста сүт өнімдерін тереңдете өңдейтін 19 кәсіпорын жұмыс істеп, олардың жалпы жылдық қуаттылығы 115 мың тоннаны құрады. Аймақта өндірілген 230 мың тонна сүттің 96,2 мың тоннасы ішкі тұтынуға бағытталып, 107,7 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберілді.

Нәтижесінде 2,6 мың тонна сары май, 1,3 мың тонна қатты ірімшік және 6,3 мың тонна өзге де сүт өнімдері өндірілді.

Ет өндірісі саласында да оң динамика байқалады. Өткен жылы облыста 75,3 мың тонна ет өндіріліп, оның 17,7 мың тоннасы ішкі тұтынуға жұмсалса, 33,1 мың тоннасы қайта өңдеуден өтті.

Сонымен қатар 9,5 мың тонна шұжық өнімдері, 14,4 мың тонна құс еті және 102,8 миллион дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Өңірде астық дақылдарын өңдейтін 3 кәсіпорын жұмыс істейді. Айта кету керек, облыстың табиғи-климаттық жағдайына байланысты егілетін масақты дәнді дақылдардың, оның ішінде бидайдың сапасы нан пісіруге толық сәйкес келе бермейді. Бидай құрамындағы ақуыз бен клейковина мөлшерінің төмен болуына байланысты ол көбіне мал азығы ретінде пайдаланылады. Сондықтан ұн және ұн өнімдерін өндіру үшін қажетті азықтық бидай еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалданады.

Жалпы өткен жылы облыста 19,5 мың тонна дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн және ұн қоспалары, 2,6 мың тонна өсімдік майы, 2,9 мың тонна макарон өнімдері өндірілді.

Өнімдерді сақтау инфрақұрылымы да кезең-кезеңімен дамып келеді. Қазіргі таңда облыста жалпы сыйымдылығы 374,4 мың тоннаны құрайтын 123 қойма жұмыс істейді. Оның ішінде 23 қойма (112,2 мың тонна) заманауи климаттық қондырғылармен жабдықталған.

Бүгінде қоймаларда 453,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі сақталуда. Оның ішінде: 1 825 тонна картоп, 1 920 тонна сәбіз, 437 мың тонна пияз, 12,1 мың тонна басқа да өнімдер бар.

Жалпы алғанда, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау жүйесін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық берілуде.

  • 12.03.2026
  • 8
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика