- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қостанай облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өз дауысын берді. Аймақ басшысы бұл күні әр азамат өз құқығын пайдаланып, елеулі науқанда пікірін білдіретін күн екенін атап өтті. Сондай-ақ, бүгінгі референдум жаңару мезгілімен тұспа-тұс келіп отырғанын, оның да үлкен символдық мәні бар деп есептейтінін жеткізді.
«Ертеңге деген сенім бүгіннен басталады. Жерлестеріміз елде болып жатқан оң өзгерістерге әрдайым үн қосып келеді. Тобыл-Торғай жұртшылығы озық ойлы, саяси сауаты жоғары, еңбекқор халық. Бүгін де олар азаматтық белсенділік танытып, мемлекет болашағы үшін өз таңдауын жасауда. Бұл – жоғары азаматтық ұстанымның және мемлекетіміздің демократиялық даму жолына деген құрметтің айқын көрінісі», – деді Құмар Ақсақалов.
Аймақ басшысы өңірдегі референдум учаскелерінде дауыс беру тәртібі заң шеңберінде ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.
Естеріңізге салсақ, Қостанай облысы бойынша 717 референдум учаскесі жұмыс істейді. Өңірде жалпы 536 824 азамат дауыс беру құқығына ие.
- 15.03.2026
- 6


