- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Шаңырақ күнінде қырықтан астам жетісулық үйлі болды
Бүгін Наурызнама онкүндігіне орай Шаңырақ күні аясында Талдықорғанда 40 –тан астам тұрғын үйлі болды.
Президенттің бастамасымен қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ұстанымы да сол - адамға бағытталған мемлекет құру, қарапайым азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Бұл орайда біз халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыс құрылғаннан бері тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізіп келеміз. Жалпы, Талдықорған қаласында өткен жылы 630-дан астам адам үйлі болса, жыл басынан бері 135 тұрғын жаңа қонысқа ие болды. Ал жыл соңына дейін қалада 1400-ге жуық баспана салынады деп жоспарланып отыр. Жаңа қоныстарыңыз ырыс пен берекеге толып, осы үйде өсіп-өне беріңіздер!
- 19.03.2026
- 8


