• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімінің Наурыз мейрамымен құттықтауы

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақ тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Бүгін – халқымыз үшін ерекше мәні бар күн. Шуақты көктемде жер-дүние қайта жаңарады. Әз-Наурыз – береке мен бірліктің бастауы, молшылықтың мейрамы. Жаңару күні адамдар бір-бірін құттықтап, амандық-саулық сұрасады. Осы үрдістің бастауында үлкенге құрмет, кішіге ізет өнегесі жатыр. Әрбір үйде ақ дастархан жайылады. Бұл күні мейірімділік пен жанашырлық қасиеттер ерекше дәріптелген. Өткен жылғы өкпе-реніштің бәрі ұмытылады. Біз ежелден Ұлыстың ұлы күніне айрықша мән беріп келеміз.

«Қазақстан ауқымды саяси реформалар кезеңінен өтуде. Оның маңызды қадамы – Әділетті мемлекет құруға бағытталған жаңа Конституцияны қабылдау болды. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың арқасында еліміз тұрақтылықты сақтап, экономиканы нығайтып, азаматтардың өмір сапасын арттыруға жағдай жасап келеді. Әртүрлі ұлт өкілдері бірлікте, татулықта өмір сүруде. Қостанай жеріндегі ұлттар достығы құр сөз бен бос ұран емес, күнделікті өмірдегі өзара құрмет пен сыйластықтың айқын көрінісі», – деді облыс әкімі.

Бүгінде Қостанай облысы – еліміздің тұрақты дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Әсіресе, облысымыздың аграрлық өңірден индустриялық-аграрлық бағытқа табысты түрде трансформацияланып жатқанын ерекше атап өту керек. Қазіргі таңда Қостанай облысы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі бойынша еліміздің жиырма өңірі ішінде төртінші орында. Өңіріміз – машина жасау саласының орталығы, бұл еліміздегі машина жасау өндірісінің жалпы көлемінің 25%-ын құрайды. Сонымен қатар, аймағымыз ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу экспорты және азық-түлік өндіру бойынша да жетекші орындардың бірін алады. Ал биыл «Кондитерлік астана» жобасының іске қосылуымен, Қостанай облысы еліміздегі ірі кондитерлік өнім өндіруші аймаққа айналады.

Ауыл шаруашылығы саласында облысымызда 7 заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді, сондай-ақ тағы 7 осындай ферма салынуда. Оның ішінде 5-еуі ағымдағы жылдың өзінде іске қосылады. Автожол саласында өткен жылы 1 300 км жол жөнделді. Былтыр 50-ден астам әлеуметтік нысан іске қосылды: оның ішінде 20-сы білім беру, 12-сі медициналық нысан және 19-ы спорт кешендері. Биыл Қостанайдағы 2 мектептің, Заречный ауылындағы емхананың құрылысы аяқталады.

Кедергісіз қоғам қалыптастыруға бағытталған жобаларды ерекше атап өту керек:

  • бұрынғы резиденция базасында балаларға арналған оңалту орталығы ашылды;
  • мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталуда;
  • Қостанай қаласында онкологиялық ауруларды емдеуге арналған облыстағы алғашқы желілік үдеткіш іске қосылды.

Сондай-ақ Үстел теннисі орталығы, «Осьминог» жаңа аквапаркі және триатлон парк аумағында көпфункционалды стадион салынуда. Әлемдік деңгейдегі үш қонақүй кешені – «Мэрриот», «Новотель», «Холидэй Инн» салынып, 300 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Бізде барлық бағыттар бойынша еліміздің жетекші облыстарының біріне айналуға нақты мүмкіндіктер бар екенін атап өткім келеді. Мұның барлығы әрқайсыңыздың өңір мен елімізді дамытуға қосқан үлестеріңіздің арқасында деп білемін. Осы жетістіктерді сақтай отырып, болашаққа сеніммен қарай аламыз. Жарқын болашаққа, әділеттілік пен өркендеуге басталған жолымыз ұзағынан болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен қуаныш тілеймін», – деді Құмар Ақсақалов.

  • 22.03.2026
  • 4
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика