• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Таразда Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі кең көлемде, ерекше сән-салтанатпен атап өтілді.

Думанды мерекелік іс-шараға қатысқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеев ақшаңқай киіз үйлерді аралап, цифрландыру және жасанды интеллект жобаларымен танысты. Сондай-ақ барша жамбылдықты ынтымақ пен бірліктің, береке мен ырыстың символына айналған Наурыз мейрамымен құттықтады.

– Әз Наурыз – бұл тек мереке емес. Бұл – жаңару мен жаңғырудың, ізгілік пен мейірімнің, татулық пен келісімнің айқын көрінісі. Күн мен түн теңесіп, табиғат түлеп, тіршілік атаулы қайта жанданатын осы бір ғажайып кезеңді ата-бабамыз ежелден ерекше қастерлеп, жыл басы деп таныған.
Халқымыз бұл мейрамды әрдайым ақ ниетпен қарсы алып, бірлік пен бауырмалдықты ту етіп келеді. Бүгінде осы асыл дәстүрлер еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығының берік негізіне айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым ел бірлігі мен халық тыныштығын басты құндылық ретінде атап келеді. Бұл – тәуелсіз еліміздің дамуы мен жарқын болашағының мызғымас тірегі.

Еліміз үшін баға жетпес осы құндылықтар жаңа Конституцияда да айқын көрініс тапты.
Жақында өткен маңызды саяси науқанда Жамбыл облысының тұрғындары ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасап, белсенділік танытты. Осы орайда барша жерлестеріме шынайы алғысымды білдіремін, – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар бірлік пен татулықтың арқасында облыстың барлық саласында оң өзгерістер мен даму қарқыны байқалып отырғанын атап өтті. Ауыл шаруашылығында көктемгі дала жұмыстары басталып, ел ырысын еселеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Инвестиция тарту ісі де қарқын алып келеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидалары, сондай-ақ Цифрландыру және жасанды интеллект жылы мен Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы жобалар да өңірде жүйелі түрде іске асуда. Биыл – ел тарихындағы маңызды кезең. Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтпек.

Мерекелік алаңда ұлттық нақыштағы 15 киіз үй тігіліп, әрқайсысында қазақ халқының бай мұрасы мен тұрмыс-салты кеңінен таныстырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер бұйымдарын тамашалады.

Іс-шара барысында халқымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері сахналық қойылымдар арқылы дәріптелді. Ақсақалдар батасын беріп, ақжаулықты әжелер тұсаукесер, бесікке салу секілді тағылымы терең рәсімдерді көрсетті.

Мерекенің ажырамас бөлігіне айналған ұлттық спорт түрлері де ерекше қызу өтті. Әулиеата өңірінің тұрғындары қазақ күресі, арқан тарту, асық ату секілді сайыстарда бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады.

Наурыз мейрамы көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ел бірлігі мен ынтымағын тағы бір мәрте айшықтала түсті.

  • 26.03.2026
  • 6
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика