- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
«КПО Б.В.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«КПО Б.В.» компаниясының бас директорымен кездесу өтті. Онда Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылыс жобасы талқыланды.
Марко Марсили іргелі компанияның жергілікті қамтуды дамыту стратегиясын, алдағы сатып алу жоспарларын және жеткізушілерге қойылатын халықаралық стандарттарға сай талаптарды таныстырды.
Жобаның маңыздылығын жоғары бағалап, бұл мәселе бойынша жауапты министрлікпен кеңес жүргізілетіндігі, сонымен қатар компанияның стратегиялық серіктестерін өңірге тіркеу және әлеуметтік міндеттемелер аясында салынатын нысандар құрылысын мақұлдау үдерісін жеделдету бойынша нақты шешімдер қабылдау қажеттігі айтылды.
- 27.03.2026
- 4


