- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ОРАЛ ҚАЛАСЫ МЕН 7 АУДАН СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ОРТАША АУМАҚТАРҒА ЖАТАДЫ
24-30 наурыз аралығында аймақта ауа температурасы 13-22 градусқа дейін жоғарылайды. Осы күндері мұздық құбылыстардың әлсіреуі, еріген қар ағындысы әсерінен өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Су тасқыны кезеңінің өту барысы талқыланған гибридті форматтағы жиынға Орал қаласы мен барлық аудан әкімдері, уәкілетті орган, азаматтық қорғау және коммуналдық сала басшылары қатысты.
Мамандар өңірде топырақтың қату тереңдігі 8 бен 67 см аралығында, ал қар жамылғысы өткен аптамен салыстырғанда 18 пайызға төмен деп мәлімдеді. Орал қаласы, Тасқала, Бәйтерек, Сырым, Теректі, Бөрлі, Қазталов, Шыңғырлау аудандары көктемгі тасқын қаупі орташа аумақтарға жатқызылды. Қалған аудандарда қауіп деңгейі төмен.
Орал қаласы бойынша су тасқыны кезеңіне 400-ге жуық техника тас түйін дайын. Жеке және заңды тұлғалардың көмегімен тағы 100 техника тартуға мүмкіндік бар. 16 эвакопункт 4 мың адамға дейін қабылдай алады. Жиында су тасқыны қаупі орташа деңгейдегі 7 ауданның әкімі де қалыптасқан жағдайды баяндады.
Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов РФ Орынбор облысына жасаған жұмыс сапарының қорытындысын баяндады. Қазір Ирикла су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 139 текше метр су жіберіліп жатса, 27 наурыздан бастап секундына 60 текше метр су босатылады. Екі өңірдің мамандары су тасқыны кезеңінде өзара іс-қимылды үйлестіріп, үздіксіз ақпарат алмасады.
- 27.03.2026
- 4


