• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қостанайдың автопаркі 81%-ке жаңарды

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов  «Альтаир» ПК жаңа автобустарымен танысты.

Бүгінгі күні облыс орталығында 38 маршруттан тұратын дамыған маршруттық желі жұмыс істейді. Күн сайын желіге 187 автобус шығады, олардың 73%-ы – пайдалану мерзімі 7 жылдан аспайтын көліктер.

Соңғы 3 жылда лизинг арқылы 90 жаңа автобус сатып алынды, оның ішінде өткен жылы – 28 автобус.

Ағымдағы жылы «Альтаир» ПК тасымалдаушысы Yutong маркалы 12 жаңа автобусты 5 жыл мерзімге 7% мөлшерлемемен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы лизингке алды. 

«Қоғамдық көлікті жаңарту және жолаушыларды тасымалдау ыңғайлы әрі қолжетімді қалалық ортаны қалыптастыруда басым бағыт болып қала береді. Соңғы жылдары мемлекеттің қолдауымен жүйелі жаңғырту басталды: тасымалдаушылар лизинг тетігі арқылы жаңартылған, заманауи автобустар алуда. Автобус паркін жаңарту нәтижесінде пайдалану мерзімі 7 жылдан аспайтын қоғамдық көліктердің үлесі 8%-ға артып, 81%-ды құрады», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының сөзінше, мақсат – автобустар санын көбейту емес, бүкіл жүйені сапалы түрде өзгерту: қозғалыс тұрақтылығын қамтамасыз ету, жайлылық деңгейін арттыру, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен жаңа шағын аудандарды көлікпен қамту.

Сонымен қатар, тасымалдаушылар қозғалыс кестесін сақтау, тәртіпті қамтамасыз ету және қызмет көрсету мәдениетін арттыру бойынша міндеттерін толық орындауы тиіс.

Айта кету керек, бүгінгі таңда тұрғындар заманауи цифрлық сервистерге қол жеткізуде – мобильді қосымша арқылы автобустардың қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалап, өз маршруттарын жоспарлап, уақыттарын үнемдей алады.

Бұл тек қолайлы сервис емес, сонымен қатар тасымалдаушылар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

  • 30.03.2026
  • 4
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика