- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Бүгін сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқыланды
Бүгін өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелерімен кездестім. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз болды.
Комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев Жетісуға сапары барасында Панфилов ауданында, соның ішінде «Қорғас» торабында болғанын айтты.
Депутаттар мен біздің, яғни жергілікті атқарушы органдардың тығыз қарым-қатынаста, өзара кеңесе отырып жұмыс істесек, нәтижелі болатыны анық. Бүгін аймақтарды дамытудағы кейбір келелі мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететін пайдалы кездесу болды деп ойлаймын. Өйткені біздің мақсатымыз ортақ – елдің экономикалық қуатын арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту.
- 01.04.2026
- 7


