- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Бейімбет Майлин ауданы: тасқыннан қауіп жоқ
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет және Варваринка ауылдарында жұмыс сапарымен болып, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысты.
Аймағымыздың елді мекендерін су тасқынынан қорғау мақсатында жағалауды бекіту жұмыстары, қорғаныс валдарын салу және нығайту, су бұру арналарының құрылысы, сондай-ақ жер үйінділерін тұрғызу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта ықтимал су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасуда. Облыста бірде-бір аула су астында қалған жоқ.
Өңірдегі сыйымдылығы 1,4 млрд м³ екі ірі су қоймасының толуы 70% (939,51 млн м³) деңгейін сақтап тұр.
Су тасқыны мен су басу салдарын жою үшін 2 815 адам, 392 техника, 123 жүзу құралы және 336 мотопомпадан тұратын күштер мен құралдар тобы айқындалды.
Ағымдағы жылдың наурыз айының басынан бастап су өткізу құрылыстары тазартылды. Су тасқыны қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.
Бейімбет Майлин ауданы аумағындағы Әйет өзенінде екі жерде мұз кептелісі болған, біріншісі Әйет селосы тұсында, екіншісі Май ауылында.
Өткен жылы тазалау мен түбін тереңдету және биылғы алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 1 сәуір күні кешке Әйет өзеніндегі екі аумақтың да мұзы қозғалып, судың ағысы қалпына келді.
Жоғары тәуекел кезеңнің шарықтау шегінен өттік. Жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ.
- 02.04.2026
- 5


