• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев төрағалық еткен кеңесте 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды.

Жалпы облыс аумағындағы 42 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. Сонымен қатар елді мекендер мен шаруашылық нысандарына қауіп төндіруі мүмкін 12 су қоймасы бар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекзат Қамбаров қазіргі таңда елді мекендерде қар жамылғысы мен топырақтың қату деңгейі жоқ екенін жеткізді. Гидрологиялық деректерге сәйкес өзендердегі су деңгейі тұрақты, күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Өңір басшысы ауа райының күрт жылынуы таулы аймақтардағы мұздықтардың еруіне әкеліп, көлбеу ағын қаупін күшейтуі мүмкін екенін атап өтті. Алдағы аптада жауын-шашынның мол түсуі болжанып отыр.

– Өткен жылы өңірде су тасқыны жағдайлары тіркелді. Сондықтан тиісті шараларды дер кезінде қабылдап, кез келген жағдайға дайын болуымыз қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі кеңесте бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, осы аптаның сенбісінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында арық-атыздар мен су жүйелерін тазалау, автожолдар бойындағы көпірлер мен су өткізу құрылғыларының жай-күйін тексеру, сондай-ақ техникалардың дайындығын қатаң бақылауға алу міндеттелді.

Сонымен қатар су тасқыны қаупі бар елді мекендерде қажетті резервтер жасақталып, мобильді топтар құрылуы тиіс. Ауа райының өзгерісіне тұрақты мониторинг жүргізіліп, гидротехникалық құрылыстарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуы қажет.

Бұдан бөлек, төтенше жағдайлар кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар алдын ала жоспарланып, жанар-жағармай, азық-түлік, медициналық және материалдық-техникалық қорлардың жеткілікті болуы қамтамасыз етілуі тапсырылды.

– Ең бастысы – тұрғындардың қауіпсіздігі. Төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету алгоритмі қатаң сақталуы тиіс. Табиғи апаттардың алдын алу жұмыстары қазірден басталуы қажет, – деп түйіндеді өңір басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Алтай Әліге мәселені тұрақты бақылауда ұстау міндеті қойылды.

  • 02.04.2026
  • 5
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика