- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Бүгін кезектегі азаматтарға тұрғын үйлердің кілттерін тапсырдым
Жетісу облысының орталығында 55 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жаңа баспаналардың кілтін тапсырдым.
Бүгін «Жастар-3» тұрғын алабында жер үйлердің кілтін тапсырғалы отырмыз. Бұл үйлердің алдында 5-6 сотық жері бар. Оған бау-бақша егіп, пайдаланатын боласыздар. Электр жарығы, суы, газы тартылған. Жолдарды асфальттау жұмыстары аяқталуға жақын. Автобус маршрутын да жүргіземіз. Үлкен мектеп, фельдшерлік акушерлік пункт, саябақ салынады. Сөйтіп бұл тұрғын алап жайлы коттедж қалашығына айналады.
Талдықорған қаласындағы бұл «Жастар-3» тұрғын алабында жобаға сәйкес 790 жеке тұрғын үй салу жоспарланған, соның 309-ының құрылысы аяқталған. Соның ішінде бүгінгі үйлерді қосқанда 166 үй пайдалануға берілді. Қазіргі кезде тағы 250 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ісі де қатар жүргізілуде. Аталған ауданда 1200 орынды мектеп, фельдшерлік-амбулаториялық пункт, учаскелік полиция пукті, спорт кешені салынады, сол сияқты саябақ пен аллея абаттандырылады. Аталған нысандардың бірқатарының жобалық құжаттары дайындалуда.
Жалпы, өткен жылы қалада 630-дан астам адам жаңа қонысқа ие болса, жыл соңына дейін шамамен 1 400 тұрғынды баспанамен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыс орталығында 20 000-нан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр.
- 02.04.2026
- 6


