- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш маңында өткен шараға ардагерлер және жастар қатысты.
Тынымбақта шырша көшеттері егіліп, жасыл желекті әрі қарай күтіп-баптау жұмыстары қалалық коммуналдық мекемелерге жүктелді.
Мемлекет басшысының орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы өңірде жүйелі жүзеге асырылуда. 2027 жылға дейінгі өңірлік жоспарға сәйкес, былтыр 2222 гектар аумаққа 8,3 млн дана ағаш екпесі отырғызылды. Биылғы меже бұдан да жоғары – 8,8 млн дана ағаш-бұта тұқымдастарының екпелерін егу көзделген.
Елді мекендерді көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жұмыстары да қарқынды. 2025 жылы өңір бойынша 242,2 мың дана ағаш отырғызылса, биыл Орал қаласы мен облыс аудандарында 47,2 мың түп ағаш егу жоспарланып отыр. Бұл шаралар аймақтың экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
- 08.04.2026
- 6


