- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Құрметті блог қолданушылары!
2019 жылғы 24 желтоқсанда Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізу жоспарлануда.
Комиссия отырысына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, IT-компаниялардың, ҮЕҰ мен ақпаратқа қол жеткізу саласындағы сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысады.
Комиссия отырысында data-журналистиканы дамыту перспективаларымен байланысты мәселелерді, ЖАО ашықтығының эталондық үлгісінің жобасын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау нәтижелерін, сондай-ақ құжат айналымын төмендету бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шараларды талқылау жоспарлануда.
Бұдан басқа, Комиссия мүшелері алдағы 2020 жылға арналған комиссияның жұмыс жоспарының жобасын талқылайды.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті материалдар (анықтама, хаттама) Министрліктің ресми сайтына орналастырылатын болады.
- 13.12.2019
- 485