- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесу өткіздім
Жетісу облысында «Талдықорған – Үштөбе» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сол сияқты соңғы үш жылда Қаратал ауданында облыстық маңызы бар 120 шақырым жол, елді мекендердің 54 көшесі жөнделіп, 30 ауылда жарық шамдары орнатылды.
ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2%-ға, құрылыс – 9,7%-ға, сауда – 3,5%-ға, байланыс – 5,8%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 11%-ға, көлік және қоймалау қызметтері 1,4 есеге ұлғайған. Облыс экономикасына 12,8% өсіммен 610,9 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Облыстағы республикалық маңызы бар жолдар 100% жөнделді. «Талдықорған – Үшарал», «Үшарал – Достық» жолдары пайдалануға берілді, «Сарыөзек – Көктал – Қорғас» жолы жаңғыртылды. 2025 жылдан бастап «Алматы – Талдықорған» жолына күрделі жөндеу жүргізілуде, 2027 жылы аяқталады. Сонымен қатар «Талдықорған – Үштөбе» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Соның нәтижесінде облыстық маңызы бар жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 96%-ға жетеді.
Облыс құрылғаннан бері газдандыру деңгейі 27%-дан 67%-ға жеткізілді. Бүгінгі таңда Кербұлақ ауданынан Талдықорған қаласына дейінгі 110 елді мекен газдандырылды. Қалған 16 елді мекенді газдандыру жұмыстары биыл аяқталады. Сонымен қатар өткен жылы «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы бітіп, Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының 84 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жеке инвестициялар есебінен жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді. Газ тарту жұмыстары биыл басталады. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 2028 жылы облыста 210 елді мекенге газ тартылып, газға 652 мыңнан астам тұрғын немесе жалпы халықтың 93,8%-ы қол жеткізе алады.
Қаратал ауданы өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді орындап, оң нәтижелерге қол жеткізді. Бұл – баршаңыздың бірлескен еңбектеріңіздің жемісі. Десек те алда атқарылатын міндеттер әлі де көп. Ауданға инвесторлар тартып, ет-сүт өндірісі мен балық өсіруді және оларды терең өңдеуді қолға алу керек. «Ауыл аманаты» бағдарламасының көмегімен шағын және орта бизнесте өнеркәсіп санын арттыруды аудан әкіміне жеке бақылауда ұстауды тапсырамын. Ауданда ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, енді су үнемдеу технологияларын қолдануды және егістік аумағын ұлғайту қажет, - деген Бейбіт Исабаев сол сияқты пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, құрылысы жүріп жатқан нысандардың уақытылы және сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сол сияқты облыс әкімі Президент жүктеген міндеттер аясындағы мұндай шаралардың барлығы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға оң ықпал ететінін жеткізді.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1201742?lang=kk
- 16.04.2026
- 9


