• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздары марапатталды

55 мыңнан астам адамды біріктірген ауқымды жобаға облыстың 16 ауданы мен 4 қаласынан 300-ден астам білім беру ұйымы қатысты.

Қостанай облысында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап оқитын ұлт» жобасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Өңірде жүзеге асқан ауқымды бастама 55 мың қатысушыны қамтып, кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттаған ірі қоғамдық қозғалысқа айналды.

Қостанай – ағартушылық пен білімнің тамыры тереңге кеткен қасиетті өлке. Бұл – қазақ даласында алғаш мектеп ашып, білім шамын жаққан Ыбырай Алтынсарин мен ұлт руханиятының іргесін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының ізі қалған өңір. Осындай тарихи сабақтастық аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасы Қостанай облысында жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі Құмар Ақсақалов кітап оқудың қоғам дамуы үшін маңызын атап өтті:

«Кітап оқитын адам – әрқашан білімімен озық, ойы ұшқыр және кез келген ортада бәсекеге қабілетті болады. Біздің басты мақсатымыз – жастарды тек білімді ғана емес, сонымен бірге терең ойлайтын, рухани бай тұлға ретінде тәрбиелеу. Дәл осы жоба – болашақ зияткер ұлтты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деді өңір басшысы.

Іс-шараға арнайы қатысқан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жобаның рухани мәніне тоқталып, өңірдегі оқырман мәдениетінің дамуына жоғары баға берді.

Жоба Қостанай облысының 16 ауданы мен 4 қаласын қамтып, 300-ден астам білім беру ұйымын біріктірді.

Жалпы, 1200-ден астам интеллектуалдық іс-шара (квиздер, дебаттар, кітап талқылаулар) өткізілді. Нәтижесінде  кітапханаларға келушілер саны мен жаңа оқырмандар қатары айтарлықтай артты. Бұл көрсеткіштер өңірде кітап оқу мәдениетінің тұрақты қоғамдық құндылыққа айналып келе жатқанын көрсетеді.

Жобаның нәтижелілігін қамтамасыз еткен басты факторлардың бірі – педагогикалық қауымдастықтың белсенді қатысуы.

Жобаға 11 мыңнан астам педагог қатысып, мұғалімдер кітапханалармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, оқушыларды жүйелі түрде кітап оқуға баулыды және оқу процесін тұрақты сүйемелдеді. Нәтижесінде балалардың жобаға қатысу деңгейі айтарлықтай артты. Бұл тәжірибе «мектеп – педагог – кітапхана» өзара іс-қимылының тиімді моделін қалыптастырды.

Аталған жобаға 400-ден астам мемлекеттік қызметші қатысып, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері кеңінен қамтылды. Қатысушылар мемлекеттік қызметтегі жоғары жұмыс қарқынына қарамастан кітап оқуға тұрақты қызығушылық танытып, жобаның ой-өрісті кеңейтуге және шешім қабылдау сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Нәтижесінде кітап оқу мәдениетінің мемлекеттік қызмет жүйесінде де орныға бастағаны байқалды.

Жоба нәтижесінде қатысушылардың оқу белсенділігі бірнеше есеге артты.

Салтанатты кеште үздік қатысушылар дипломдармен және 1 миллион, 600 мың, 400 мың теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры – 40 млн теңгені құрады.

Ауқымды жобаның жүзеге асуына «AMANAT» партиясы мен Қостанай өңіріндегі ірі агроөнеркәсіптік құрылым – «Олжа Агро» ЖШС-нің белсенді қолдауы серпін берді. Бұл серіктестік мемлекет пен бизнестің аймақтағы адами капиталды дамыту ісіндегі ортақ жауапкершілігін айқын аңғартады.

«Кітап оқитын ұлт» – бұл жоба ғана емес. Бұл – білім мен парасатты құндылыққа айналдыратын ұлттық қозғалыс.

Қостанай облысының тәжірибесі Кітап оқитын ұлт қалыптастыру идеясының нақты жүзеге асатынын дәлелдеп отыр.

Аймақта «Кітап оқитын ұлт» жобасы Аманат партиясы мен Олжа Агро компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

  • 24.04.2026
  • 7
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика