- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Балқаш көлінің жағалауында 3 коммуналдық жағажай салынады
Биыл Балқаш көлінің жағалауында 3 коммуналдық жағажайдың құрылысы жүргізіледі, оның 1-еуі алдағы шомылу маусымында ашылады деп жоспарланған.
Сарқан аудандық мәдениет үйінде өткен кездесу жиынында тұрғындарға облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндадым. Соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, ирригациялық жүйелерді жөндеу, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, сол сияқты «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мәселелері.«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 5 млрд. теңге қарастырылып, 271 несие беру, 540 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 2 млрд. теңгесі 58 кооперативті қаржыландыруға бағытталады.
Өткен жылы өздеріңізбен кездескенде, «Лепсі-Мұқан Төлебаев» жолын жөндеу мәселесі көтерілген болатын. Биыл жобаны бастауға қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, былтырғы кездесудегі сұрауларыңыз бойынша «Алматы-Өскемен» автожолын күрделі жөндеу барысында Алмалы, Абай, Бақалы, Қойлық, Қарабөгет ауылдарына кіреберіс жолдар жарықтандырылып, жол жиегі қоршалды. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарттық, ендігі кезекте ауылішілік жолдарды жөндеуге көңіл бөлеміз, оған биыл қомақты қаржы қарастырылды. Алдағы жылдары бұл жұмыстар жалғасады.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1208470?lang=kk
- 27.04.2026
- 5


