• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі: Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады

Жамбыл облысында екінші мәрте ұйымдастырылған «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өтті.

Талас ауданының Есейхан ауылында өткен ауқымды шараға 6 мыңға жуық адам жиналды. Олардың қатарында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ шетелдік туристер, халықаралық сарапшылар, биологтар мен табиғат жанашырлары болды.

Өңір басшысы өз сөзінде бұл бастаманың табиғатқа жанашырлықты, ұлттық құндылықтарға деген құрметті және халықаралық ынтымақтастықты айқын көрсеткенін атап өтті.

– Күн шуағына бөленген қызғалдақ алқабы – тек табиғаттың көркі ғана емес, ол – дала өркениетінің үнсіз шежіресі, ұлттық рухтың тірі айғағы. Осындай игі істер арқылы біз табиғат пен дәстүрді ұштастырып, келер ұрпаққа аманат болар құндылықтарды дәріптеп келеміз. Бұл фестиваль Жамбыл өңірінің туристік әлеуетін әлемге танытуға зор мүмкіндік береді, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жамбыл өңірі – қызғалдақтың отаны. Мұнда қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Аймақ қызғалдақ түрлерінің сан алуандығы бойынша республикада алдыңғы орында.

Биылғы фестивальдің басты жаңалығы – Нидерланд Корольдігі тарапынан Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ тұқымын тарту етті. Құнды сыйлықты Holland Bulb Market компаниясының менеджері, Нидерланд елінің өкілі Марсели Пьехна салтанатты түрде табыстады.

Өз кезегінде Серік Егізбаев табиғи әрі тарихи мұраны сақтау – ұрпақ алдындағы маңызды міндет екенін жеткізді.

Фестиваль аясында тау бөктерінде тігілген киіз үйлер мен алтыбақандар ұлттық нақышты айшықтап, қолөнершілер көрмесі шараның көркін аша түсті. Ұлттық спорттың сегіз түрінен өткен жарыстар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды.

Қымызмұрындық дәстүрі де жаңғыртылып, мерекенің мазмұнын байыта түсті.

Белгілі әншілер Серік Ибрагимов, Тоқтар Серіков және Бейбіт Сейдуалиева, сондай-ақ өңір өнерпаздары әсем әндерін тарту етті.

Шара барысында қонақтар Қаратау бөктеріндегі қызғалдақ алқабын тамашалап, ерекше әсерге бөленді.

«Қызғалдақ мұра» фестивалі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен үндесе түсті. Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті мен «Ауыл» партиясының 200-ден астам еріктісі фестиваль аумағын қоқыстан тазартты.

  • 27.04.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика