- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 120 МЫҢ АДАМ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА АТСАЛЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында телекөпір ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірі берекелі бастамаға үн қосты. Батысқазақстандықтар да белсенділік танытып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы нақты жұмыстарын көрсетті.
2024 жылдың сәуір айынан бері сенбіліктерге 500 мыңға жуық батысқазақстандық қатысты. 221 мың гектар аумақ тазартылды, 172 мың тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды, 313 085 түп ағаш егілді. Ауқымды көгалдандыру аясында кейінгі 5 жылда облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағында 41 млн дана ағаш, ал елді мекендерде 727 мың дана ағаш отырғызылды.
Ауқымды шара аясында 500-ге жуық адам Шаған өзенінің жағалауын тазалап, көгалдандырды. Жиналғандар мың түп қарағай, үйеңкі, сүмбіл терек, шаған ағаштарының көшеттерін отырғызды.
Акция өңір аудандарында да ұйымдастырылды. 120 мың адам белгіленген аумақтарды көң-қоқыстан арылтып, тал-теректер екті.
- 27.04.2026
- 2


