- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Өңірде мал басының саны артты
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өңірдегі мал шаруашылығының дамуы тақырыбына арналған облыс әкімдігінің отырысы өтті.
Мемлекет Басшысы атап өткендей, мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының басым бағыттарының бірі. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, ауылдарда жұмыспен қамтуды арттырып, оларды тұрақты дамытудың негізгі факторы.
Былтыр асыл тұқымды мал сатып алуға, сүт пен ет өндірісінің құнын төмендетуге 7,5 млрд теңге бөлінсе, биыл 10,8 млрд қарастырылған. Өсім – 44%. Жылдық 2,5% мөлшерлемемен несие беру жалғасуда.
«Үкіметте 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Біздің облыс осы жоспардың негізгі бастамашыларының бірі болды, аграршылардың арзан несиелік ресурстарға қол жеткізу мүддесін жүйелі түрде қорғап келеді. Қазіргі таңда жылдық 6% мөлшерлемемен «Береке» және «Игілік» жеңілдетілген несиелік бағдарламалары іске асырылуда. Жайылымдық мал шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру үшін 7-10 жыл мерзімге дәл осындай мөлшерлемемен «Жайлау» бағдарламасы іске қосылады. Ол еліміздің үш облысында жүзеге асады. Біздің облыста – Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған. Әрбір салынған теңге нақты нәтиже беруі тиіс. Біздің міндет – мал басын көбейту, сапасын арттыру және заманауи технологияларды енгізу үшін қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану», – деді облыс әкімі.
Айта кету керек, 2025 жылы 2022 жылмен салыстырғанда облыста мал мен құс санының өсуі байқалады: ірі қара мал 25,2 мың басқа, жылқы 14,2 мың басқа, қой мен ешкі 14,6 мың басқа артты.
Мал шаруашылығындағы тұрақты өсім 7 заманауи, ірі өнеркәсіптік сүт-тауар фермаларының іске қосылуымен байланысты. Тағы да осындай 6 ферма салынуда, олардың 5-еуі ағымдағы жылы іске қосылады. Жылына 77 мың тонна шикі сүт өндіретін 12 жаңа заманауи сүт-тауар фермасы 200 мыңнан астам адамның қажеттілігін қамтамасыз етеді.
«Мал шаруашылығын дамытуға біз кешенді түрде қарауымыз қажет. Ел Президенті агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда нақты басымдықтарды айқындап берді: бұл – терең өңдеу, өнімділікті арттыру және заманауи технологияларды енгізу. Жаңа және жұмыс істеп тұрған фермалар ішкі және сыртқы жағынан өндірістік және санитарлық мәдениеттің үлгісі болуы тиіс. Барлық жерде тазалық, ұқыптылық жоғары деңгейде болуы қажет», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
- 28.04.2026
- 8


