- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Аксуорси бастаған делегацияны қабылдадым. Кездесуде өңірдің экономикалық дамуы, инвестициялық жобалар, білім, цифрландыру, фармацевтика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Облысымыз инвестициялық тұрғыдан тартымды аймақтардың қатарында. Бұған қолайлы географиялық орналасу, ауқымды жобалардың іске асырылуы және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жүйелі саясат ықпал етуде. Кейінгі үш жылда өңірге шамамен 2,3 трлн теңге инвестиция тартылып, оның 75 пайызға жуығын жеке инвестициялар құрады. Ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 4,9 млрд АҚШ долларынан асты.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 11,2 млн АҚШ долларын құрады. Экспорт құрылымында ағаш бұйымдары мен химиялық тоқыма материалдарынан жасалған контейнерлер басым болса, импортта диагностикалық реагенттер, газ компрессорлары, желдеткіштер және талдау құрал-жабдықтары негізгі орын алады.
Кездесу қорытындысында өзара сенімге негізделген серіктестікті одан әрі нығайтып, бірлескен жобаларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаластық.
- 28.04.2026
- 6


