• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақ киносының Құлагері: Абдолла Қарсақбаевтың ғасыр тойы басталды

Бүгін Алматы облысының орталығында қазақ киносының Құлагері, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, шымылдығы түрілді. Игі шарада ұлт тағдырын таспалаған тұлғаның мұрасы кеңінен насихатталып, ғұмыр жолы дәріптелді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айтулы кеште зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, кинорежиссердің туыстары мен шәкірттері естеліктерімен бөлісті. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, кинорежиссердің болмысы ел жадында мәңгілік сақталатынын айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.

«Абдолла Қарсақбаев – қазақ киносын жаңа биікке көтерген тағдырлы тұлға. Ол «Менің атым – Қожа», «Даладағы қуғын», «Алпамыс мектепке барады» және басқа да көркем фильмдер түсіріп, мәдениетіміздің мәртебесін арттырды. Кейіпкерлердің болмыс-бітімін асқан шеберлікпен көрсете білді. Бұл фильмдердің барлығы қазақ киносының алтын қорына қосылған құнды қазына екені сөзсіз. Сондықтан мемлекетіміз Абдолла Қарсақбаевтың еңбегін әрдайым жоғары бағалайды.

Дарынды режиссер өз туындыларына қазақы танымды, ұлттық рух пен тәлім-тәрбиені арқау етті, сол арқылы өскелең ұрпақтың дүниетанымын байытуға елеулі үлес қосты.

Халқымыздың біртуар перзентінің ғасыр тойы ЮНЕСКО аясында аталып өтіп жатыр. Бұл – ұлт тұлғаларының әлемдік деңгейдегі танымалдылығының айқын көрінісі. Қазақстанда да оның есімі халық жадында сақталуы қажет. Осы орайда, бұл жиынның мән-мағынасы зор» – делінген хатта.

Қазақстанның Халық әртісі, кинорежиссердің шәкірті Досхан Жолжақсынов өнер жолында шырағын жаққан ұстазының өнегелі өмір жолы жайлы сыр шертті.

«Жазушы Әбіш Кекілбаев: «Уақыттың өлшемі – адамның тағдыры, адамның тағдыры – артына қалған ісі», – дейді. Абдолла Қарсақбаевтың жасаған ісін бір кеште түгендеп шығу мүмкін емес. Бір ғана «Менің атым Қожасы» әлемді дүр сілкіндіріп, бәйгені қанжығасына байлап келгенде, қуанбаған қазақ болмаған шығар деп ойлаймын. Мені де халыққа танытып, бағымды ашқан – Әбекем. Қазір сол сәтті сағынышпен еске аламыз», – деді өнер иесі.

Концерттік бағдарламада көрермен Абдолла Қарсақбаевтың туындыларына терең бойлап, мәніне үңілді. Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевпен рухани үндестігі баяндалып, ойлы кино мен мәнді әуеннің үйлесімі жүрекке рухани нәр берді. Рамазан Стамғазы, Нұрлан Өнербай сынды халыққа белгілі тұлғалар ән шырқап, өзге де дарын иелері өнерімен тәнті етті.

Айта кетейік, Алматы облысының төл перзенті Абдолла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жыл бойы кеңінен насихатталып, өңіріміздің түкпін-түкпінде айтулы шаралар жалғасын табады. ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп, әлем жұртшылығы қазақ киносының шоқтығы биік туындыларына қанық болады.

  • 29.04.2026
  • 5
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика