- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Жалпы белгіленген қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясын салу жобаларын іріктеу бойынша 2026 жылғы 28 сәуірде өткен аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.
Сауда сессиясының қорытындысы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға жіберілген компаниялар болған жоқ. Осыған байланысты, Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 67-тармағы 2) тармақшасына (аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін сауда жүйесіне өтінім берген қатысушылар саны кемінде екеу болуы тиіс) сәйкес, аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 104-тармағына сәйкес, қайталама аукциондық сауда-саттық олар өткізілмеді деп жарияланған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей, бір реттен аспайтын мерзімде өткізіледі.
Қайталама аукциондық сауда-саттықтың өткізілу күні уәкілетті органмен айқындалады және оның интернет-ресурсында, сондай-ақ Ұйымдастырушының интернет-ресурсында сауда-саттық өткізілетін күнге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жарияланады.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар «KOREM» АҚ оператор болып табылатын электрондық сауда жүйесінің ашықтығы мен дұрыстығын растады.
- 29.04.2026
- 4


