- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
Еркін аукциондық сауда-саттықтар 2026 жылғы сәуір айы бойынша сәтті аяқталды.
2026 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағында (Алматы облысы) жалпы белгіленген қуаты 50 МВт болатын күн электр станцияларын (КЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша еркін аукциондық сауда-саттықтар өткізілді.
Еркін аукциондық сауда-саттықтар шеңберінде күн электр станциялары жобаларын іске асырудың негізгі шарттарының бірі – оларды объектінің белгіленген қуатының кемінде 30 %-ын құрайтын қуаттылығы бар және көрсетілген қуатты кемінде төрт сағат бойы беруді қамтамасыз ететін энергия сыйымдылығы бар электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жабдықтау болып табылады.
Аукциондық сауда-саттықтарға қатысуға екі компания жіберілді. Сауда сессиясы барысында қатысушылар үш баға ұсынысын берді, ұсынылған өтінімдердің жиынтық көлемі 100 МВт-ты құрады.
Аукциондық сауда-саттықтардың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «Энерго Транзит Групп» ЖШС танылды. Жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, аукциондық баға – 34,56 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).
Сауда-саттықтарға байқаушы ретінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар «KOREM» АҚ оператор болып табылатын электрондық сауда жүйесінің ашықтығы мен дұрыстығын растады.
Күн электр станцияларын салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукциондар 2026 жылғы 18 мамырға жоспарланған. Олар Оңтүстік аймақта (Қызылорда облысы) өткізіліп, жалпы белгіленген қуаты 65 МВт-ты құрайды.
- 30.04.2026
- 4


