- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Бокстан республикалық турнир өтеді
2026 жылғы 6–9 мамыр аралығында жасөспірімдер арасында бокстан КСРО спорт шебері, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері Есет Нугыспановты еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтеді.
Жарыс «Андрей Кивилев атындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» базасында өтеді. Мекенжайы: Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 68 «Б».
Салтанатты ашылу рәсімі 6 мамыр күні сағат 14:00-де өтеді.
Жарыстың басталуы: 6 мамыр күні сағат 14:30.
Жарысқа 2011–2012 жылдары туған жасөспірімдер қатысады. Жекпе-жектер 15 салмақ дәрежесінде өтеді — 42 келіден жоғары 80 келіге дейін және одан жоғары. Әр салмақ дәрежесінде өңір намысын тек іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы болған бір ғана мықты спортшы қорғайды. Бұл жарыстың жоғары деңгейде және тартысты өтуіне кепіл болады.
Турнир World Boxing халықаралық бокс федерациясының қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Турнирдің басты мақсаты — Есет Нугыспановтың жарқын есімін ұлықтау, оның қазақстандық бокстың дамуына қосқан зор үлесін дәріптеу, сондай-ақ жасөспірімдер арасында боксты кеңінен насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Финалдық жекпе-жектер мен жеңімпаздар және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 9 мамыр күні сағат 12:00-де өтеді.
Турнирді ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Алматы облысының бұқаралық спорт клубы».
Байланыс телефоны: +7 705 123 10 92 (Ерназаров Жанболат); +7 702 424 23 00 (Кенесов Узақбай).
- 04.05.2026
- 6


