• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қорғаныс министрі Родина ауылында әскери-тарихи музей филиалын ашты

Ақмола облысының Родина ауылында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музейі филиалының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткішке гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Ескерткіште Жеңісті жақындатуға үлес қосқан 130-дан астам ақмолалықтың есімі қашап жазылған. Рәсімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері және өңір тұрғындары қатысты.

Жаңа музей кешені жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мен тарихи жадты қалыптастыруда маңызды нысанға айналып отыр. Экспозицияда Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қару-жарақ пен әскери техника үлгілері, архивтік материалдар, жауынгерлік тулардың түпнұсқалары, сондай-ақ Ақмола өңірінің Жеңісті жақындатуға және елдің дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын жәдігерлер қойылған.

Әскери-тарихи музейдің филиалы «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрдің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ашылып отыр.

Музейді ашу ісіне Халық қаһармандары армия генералы Мұхтар Алтынбаев, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, сондай-ақ генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов және басқа да азаматтар елеулі үлес қосты. Жобаны жүзеге асыру үшін құрамына әскери-тарихи музей қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен «Родина» агрофирмасының мамандары кірген жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, Марат Құсайынов жетекшілік ететін «Мемориалдық аймақ» іздестіру жасағы зор көмек көрсеткенін атап өту керек.

Музейдің негізгі міндеті – келушілерді өңір мен Родина ауылының тарихымен таныстыру, туған өлкенің батырларының есімін мәңгі есте қалдыру, сондай-ақ олардың ерлігі мен жанқиярлығы үлгісінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру. Музейді ашу барысында заманауи әскери-музейлік кешендерді қалыптастырудағы озық шетелдік тәжірибе ескерілді.

Музейдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қорғаныс министрі ұрпақтар сабақтастығының ерекше маңызын атап өтті.

– Бүгін біз жай ғана музей емес, болашақ құрметпен ұрпақ тәу етер тәрбие орнын ашып отырмыз. Мұндай жобалар арқылы жастар бейбіт өмірдің қадірін, аға буынның ерлігін және Отанға қызмет етудің маңызын тереңірек түсінетін болады. Тарих тек оқулықтарда немесе цифрлық кеңістікте ғана болмауы керек, оны көріп, сезіне білу қажет, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Әсенов музей ісін дамыту жастардың патриоттық санасын қалыптастырудың маңызды бөлігі екеніне тоқталды.

– Мұндай музейлер балалардың өткен тарихпен танысып, ата-бабаларымыздың ерлігінің нақты айғақтарын көзбен көріп, жүрекпен сезінуіне мүмкіндік беру үшін ашылады. Патриоттық сезім өз тарихына, мәдениетіне және аға буынның ерлігіне деген құрмет арқылы қалыптасады. Келешекте осындай музейлер еліміздің барлық ауылдарында ашылуы үшін бар күшімізді саламыз, – деді ол.

Музейге 100-ден астам жәдігер қойылған. Олардың қатарында 1939-1944 жылдары шығарылған 16 әскери техника бар. Атап айтқанда, бронды техника, артиллериялық жүйелер, ұшақ үлгілері, атыс қарулары және әскери тұрмысқа қатысты заттар. Көптеген жәдігерлер бұрын Қарулы күштер әскери-тарихи музейінің қорында сақталған.

Экспозицияның жекелеген бөлімдері ақмолалық батырларға, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, сондай-ақ өңір мен Қазақстан Қарулы күштерінің дамуына арналған.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы мен «Жас сарбаз» балалар студиясының өнер көрсетуімен аяқталды.

  • 08.05.2026
  • 4
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика