- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгін қуаты 50 МВт болатын энергетикалық нысанның құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті.
Жел электр станциясын салу үшін 140 га жер телімі берілген. Аукцион нәтижесінде маңызды жобаны қолға алған «GREEN ENERGY INDUSTRIAL COMPANY CENTRAL ASIA» ЖШС директоры Гао Венкеның айтуынша, инвестиция көлемі – 21 млрд теңге. 8 ай бұрын аумақта анемометр орнатылған. Метеорологиялық құрылғының көмегімен анықталған желдің жылдамдығы станцияның қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жоба өңір экономикасының дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылықты арттырады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс осы айда басталып, келесі жылы толық аяқталады. Кепілдік мерзімі – 20 жыл. 5 адам тұрақты, 50 адам маусымдық жұмыспен қамтылады.
- 12.05.2026
- 8


