- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
КӨКТЕМГІ ЕГІС: ОБЛЫСТА 478 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПТА ЫЛҒАЛ ЖАБЫЛДЫ
Биыл өңір бойынша барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 626 мың гектарды құрайды. Негізгі басымдық дәнді және мал азықтық дақылдарға берілген. Сонымен қатар, 123 мың гектарға майлы дақылдар егілсе, 4 мың гектар жер картоп пен көкөніс-бақша өнімдеріне бөлінген. Бұл әртараптандыру саясаты аймақтың ішкі нарығын қажетті өнімдермен қамтуға және мал шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Облыс диқандары көктемгі дала жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Қазірдің өзінде 478 мың гектарда ылғал жабылып, 113 мың гектарға жаздық дақылдар себілген. Егіс науқанына қажетті тұқымдар мен техникалар толық дайындалып, диқандар отандық зауыттардан 12,9 мың тонна тыңайтқыш сатып алды. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге 597 бірлік жаңа техника лизингке алынды. 10,5 мың тонна дизель отыны бөлінді. Жанармайдың жеңілдетілген бағасы литріне 270 теңге.
Биыл жергілікті бюджеттен 2,7 млрд теңге субсидия бөлінді. Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 12,9 млрд теңге қарастырылып, бүгінде диқандарға 5%-дық мөлшерлемемен 8,6 млрд теңге несие берілді. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Көктемгі далалық жұмыстардың өту барысын құзырлы құрылымдар бақылауда ұстап отыр.
- 13.05.2026
- 3


