- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысына – 4 жыл: әлеуметтік салада 276 нысан жаңартылды
Жетісу облысы құрылғалы бері өңірде жалпы саны 276 әлеуметтік нысан жаңартылды. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасады. Солардың бірі Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында 2020 жылы басталған мәдениет үйінің құрылысы осы жылдың тамызында аяқталады. Бұл нысанның құрылыс жұмысы тұрақты бақылауда.
Жаңа мәдениет ошағы ауыл тұрғындары үшін заманауи мәдени-спорттық орталыққа айналмақ. Мұнда балалар мен жастар шығармашылықпен айналысып, түрлі үйірмелерге қатыса алады, сондай-ақ кітапханаға, хореография залына барып, спорт секцияларына қатысуға мүмкіндік алады.
Жетісу облысы құрылғаннан бері жаңадан салуды немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңарту деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрап, жалпы 276 нысан жаңартылды. Оның ішінде 2025 жылы 67 денсаулық сақтау нысаны, 3 мектеп салынды, мәдениет және спорт саласында 16 нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ 14 әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Қайтарылған активтер есебінен облыста 2023-2025 жылдары 25 нысан бой көтерді. Биыл тағы 9 нысанды іске қосу жоспарланып отыр.
«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен биыл Талдықорған қаласында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған спорт кешенінің және Қаратал ауданының Үштөбе қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.
- 14.05.2026
- 35


