- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
2026 жылғы еркін аукциондық сауда-саттық сәтті аяқталды.
2026 жылғы 18 мамырда Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік аймағында (Қызылорда облысы) жалпы белгіленген қуаты 65 МВт болатын күн электр станцияларын (КЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті.
Еркін аукциондық сауда-саттық аясында күн электр станциялары жобаларын іске асырудың негізгі шарттарының бірі — оларды нысанның белгіленген қуатының кемінде 30%-ына тең қуаттағы және осы қуатты кемінде төрт сағат бойы беруді қамтамасыз ететін энергия сыйымдылығы бар электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жабдықтау.
Аукциондық сауда-саттыққа төрт компания жіберілді. Сауда сессиясы барысында қатысушылар тарапынан сексен баға ұсынысы беріліп, ұсынылған өтінімдердің жиынтық көлемі 155 МВт-ты құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып мыналар танылды:
- «Bereke-Solar» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты - 15 МВт, аукциондық бағасы - 31,45 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
- «VIGOR Holding» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты - 20 МВт, аукциондық бағасы - 31,46 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз);
- «Тесис» ЖШС. Жобаның белгіленген қуаты - 60 МВт, аукциондық бағасы - 31,49 теңге/кВт·сағ (ҚҚС-сыз).
Сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «EcoJer» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар «KOREM» АҚ оператор болып табылатын электрондық сауда жүйесінің ашықтығы мен дұрыстығын растады.
Жел электр станцияларын (ЖЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукциондар 2026 жылғы 19 мамырға жоспарланған. Олар Солтүстік аймақ бойынша өткізіліп, жалпы белгіленген қуаты 100 МВт болады.
- 18.05.2026
- 5


