• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
12,3 шақырым: Жамбыл облысында жаңартылған ескі «Күйік» асуы ел игілігіне берілді

Жамбыл облысы аумағында күрделі жөндеуден өткен республикалық маңызы бар ескі «Күйік» асуы автомобиль жолы салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы және жобаны жүзеге асырған «СинеМидасСтрой» ЖШС өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген өңір басшысы Жамбыл жері ежелден тоғыз жолдың торабы болған қасиетті мекен екенін атап өтіп, жаңартылған ескі «Күйік» асуының ел экономикасы үшін маңызы зор екенін айтты.

– Ескі «Күйік» асуы – тек автомобиль жолы ғана емес. Бұл – оңтүстік пен солтүстікті, өндіріс пен нарықты, кәсіп пен мүмкіндікті жалғайтын маңызды экономикалық күретамыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға ерекше басымдық беріп келеді. Соның нәтижесінде елімізде ауқымды жол жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Бүгін пайдалануға беріліп отырған ескі «Күйік» асуының жаңаруы – тек Жамбыл облысы үшін ғана емес, тұтас ел экономикасының дамуына серпін беретін маңызды жоба. Себебі сапалы жол – сауданың дамуына, туризмнің өркендеуіне, кәсіпкерліктің кеңеюіне, инвестиция тартуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға негіз болады.

Өздеріңізге белгілі, аталған асудың техникалық жағдайы ұзақ жылдар бойы тұрғындар мен жүргізушілер тарапынан орынды сынға ұшырап келді. Әсіресе қыс мезгіліндегі қолайсыздықтар мен көлік қозғалысының қиындығы халыққа айтарлықтай мәселе туғызған еді.

Бүгін сол түйткілдің нақты шешімі жүзеге асып отыр. Жаңа жол ел игілігіне қызмет етіп, береке мен дамудың жолына айналсын! – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ іс-шара барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров құттықтау сөз сөйледі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің айтуынша, 1970 жылы пайдалануға берілген бұл жол араға ұзақ жылдар салып алғаш рет күрделі жөндеуден өткен. Құрылыс жұмыстарын «СинеМидасСтрой» ЖШС 10 ай ішінде аяқтап, жобаға 200-ге жуық адам жұмылдырылған.

Жобаның жалпы құны 6,9 млрд теңгені құрайды. Ал жаңартылған жолдың ұзындығы – 12,3 шақырым.

Іс-шара соңында өңірдің жол саласын дамытуға елеулі үлес қосып, көпжылдық жемісті еңбек еткен бірқатар азамат марапатталды.

  • 18.05.2026
  • 5
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика